Облыстың Бас имамы Амантай Садиевтің Білім күнімен құттықтауы
Сіздерді, барша ұстаздар мен шәкірттерді Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құран Кәрімде 719 жерде ілім жайында баян етіледі. Білімді адам өз ортасынан оқ бойы озып, еліне, жеріне, ұлтына, дініне аянбай қызмет етеді. Алған білімді халық игілігіне жұмсау — сауабы мол амалдың бірі.
Ұрпақ тәрбиесі — ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Олай болса, мұғалім бақыты — шәкірт құрметі. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Осынау қайырымды жұмыстарыңызға табыс тілеймін!
Алла Тағала отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, сауабы мол қызметтеріңіздің жемісін көруді нәсіп еткей!
Амантай Садиев
Ақтөбе облысының Бас имамы



































