«Пәтуа сағаты»: Талғат Аманов сұрақтарға жауап берді
Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінде ҚМДБ-ның «Шариғат және пәтуа» бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша маманы Талғат Амановтың қатысуымен «Пәтуа сағаты» өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – жамағатқа діни мәселелер бойынша дұрыс әрі нақты ақпарат беру, соңғы уақытта қабылданған пәтуалармен таныстыру және көпшілікті толғандырған сауалдарға жауап беру.
Шара барысында Талғат Аманов жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан шығарылған соңғы пәтуалар мен діни үкімдер жөнінде толық, талдап, түсіндірді. Сондай-ақ күнделікті өмірде кездесетін шариғи мәселелерге тоқталып, қатысушылардың көкейіндегі сұрақтарына жауап берді.
Жамағат тарапынан түрлі бағыттағы сауалдар қойылып, маман тарапынан олардың әрқайсысына шариғат талаптарына сәйкес тұшымды жауаптар айтты.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі




































