Хромтаулық кәсіпкер шәкірттерге зекет ретінде 300 мың теңге сертификат табыстады 4942

Хромтаулық кәсіпкер шәкірттерге зекет ретінде 300 мың теңге сертификат табыстады

21 қазан 2025 64 Оқу 1 минут

Жұма намазында Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде игі іс-шара өтті. Қайырымдылық шарасы аясында хромтаулық кәсіпкер ауданнан діни медреселерде білім алып жүрген шәкірттерге зекет ретінде 300 000 теңге көлеміндегі сертификат табыстады.

Сертификатты Хромтау ауданының Бас имамы Марал Иманғали салтанатты түрде табыстап, кәсіпкердің игі ісіне ризашылығын білдірді.

Бас имам өз сөзінде:

«Зекет – мұсылманның мал-дүниесін тазартып, мұқтаждарға жәрдем беру жолындағы маңызды амал. Осындай ізгі істер қоғамда мейірім мен бірлікті арттырады», – деп атап өтті.

Ал медресе шәкірттері демеушілік жасаған азаматқа алғыстарын айтып, оның бұл игі ісі өзгелерге үлгі болатынын жеткізді.