Бегімбет: Есет Көтібарұлы кесенесін зиярат етті
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған «Дархан дала» жобасы аясында Шалқар ауданы, Бегімбет ауылдық мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезов жамағатпен бірге Есет Көтібарұлы кесенесін зиярат етті.
Жоба аясында имам қазақ халқының даңқты батырларының бірі Есет батыр Көтібарұлы кесенесіне зиярат етіп, ұлы тұлғаның рухына Құран бағыштады. Сонымен қатар батырдың ерлігіне тағзым жасалды.
Одан өзге, ауыл имамы Нұрдәулет Әуезов жиналған жамағатқа «Қабір зияратының әдебі» тақырыбын кеңінен түсіндіріп өтті.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі





































