Ұлттық ойын: Гір көтеруден қала мен аудан жамағаты сайысты 4939

Ұлттық ойын: Гір көтеруден қала мен аудан жамағаты сайысты

19 қазан 2025 111 Оқу 1 минут

ҚМДБ жылғы 2025 жылғы жұмыс бағыттарының бірі - “Дін мен дәстүр” бағыты. ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі Ақтөбе облыстық орталық “Нұр Ғасыр” мешіті, Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы және “Ихсан” орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысына қарасты 12 аудан және Ақтөбе қаласы мешіттері жамағаты арасында қазақ ұлттық ойындарынан спартакиада сайысы өтті. Атап айтсақ, садақ ату, қазақ күресі, арқан тарту, асық ату, гір көтеру ойындарынан жаммағат өзара сайысты.

Қала, аудан мешіті жамағаты арасында гір көтеруден сайыс өтті. Гір көтеру қазақ халқының ұлттық ойыны. Бәсекеге толы сайыста жамағат өзара бақталасты.

Нәтижесінде гір көтеруден 80 келіге дейін салмақта Мәртөк ауданы 1 орын (60 000 тг), Хромтау ауданы 2 орын (40 000 тг), Ақтөбе қаласы 3 орынды (20 000 тг) иеленді. Ал 80 келіден жоғары салмақ бойынша гір Ырғыз ауданы 1 орын (60 000 тг), Әйтеке би ауданы 2 орын (40 000 тг), Ойыл ауданы 3 орынды (20 000 тг) жеңіп алды.