Хромтау ауданының Бас имамы Марал Иманғали Көктау ауылының жамағатымен кездесті
Хромтау ауданының Бас имамы Марал Иманғали Көктау ауылының жамағатымен дастарқан басында жүздесіп, «Ислам және отбасы» тақырыбында кең көлемді әңгіме өрбітті.
Кездесу барысында имам отбасы құндылығының исламдағы орнына тоқталып, ер мен әйелдің міндеттері мен жауапкершілігі, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі жөнінде тағылымды ойлар айтты. Сондай-ақ, жастарды имандылыққа, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге шақырды.
Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап беріліп, рухани мазмұны жоғары пікір алмасу өтті.
Кездесу соңында ауыл ақсақалдары мен тұрғындар Бас имамға алғыс білдіріп, мұндай игі шаралардың ел бірлігі мен рухани тәрбиені нығайтуға үлкен үлес қосатынын атап өтті.






































