Спартакиада: Қазақ күресінен қала, аудан жамағаты бақталасты
ҚМДБ жылғы 2025 жылғы жұмыс бағыттарының бірі - “Дін мен дәстүр” бағыты. Қала, аудан мешіттерінен шыққан балуандардың басын қосқан сайыс екі салмақ дәрежесінде өтіп, өзара мықтыны анықтады. Басты талап – қатысушы кәсіби спортшы болмауы керек. Тек қана әуесқойлар қатысып, өзара күш сынасты. Салмақ өлшеу рәсімінде де ескертілді. Сонымен қатароблыстық Қазақ күресі федерациясының арнайы төрешісі шақырылды. Турнирдің мақсаты – денсаулық кепілі және қазақтың ұлттық спортын дамыту және жамағат арасында татулық пен бірлікті насихаттау.
Қазақ күресі сайысының 80 келіден жоғары салмақ қорытындысы бойынша 1 орын - Әйтеке би ауданы (200 000 тг), 2 орын – Мәртөк ауданы (150 000 тг), 3 орын – Мәртөк ауданы (100 000 тг) мешіт жамағаты жеңіп алды. Ал 80 келіден төмен салмақ бойынша орын - Байғанин ауданы (200 000 тг), 2 орын – Ақтөбе қаласы (150 000 тг), 3 орын – Мұғалжар ауданы (100 000 тг) мешіт жамағаты жеңіп алды.
Айта кетейік бұл спортпен қатар, ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі Ақтөбе облыстық орталық “Нұр Ғасыр” мешіті, Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы және “Ихсан” орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысына қарасты 12 аудан және Ақтөбе қаласы мешіттері жамағаты арасында қазақ ұлттық ойындарынан спартакиада сайыстары өткізілді.
Атап айтсақ, садақ ату, қазақ күресі, арқан тарту, асық ату, гір көтеру ойындарынан жаммағат өзара сайысты.











































