Ерекше балаларға азық-түлік берілді 4945

Ерекше балаларға азық-түлік берілді

21 қазан 2025 70 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласы «Қабақ баба» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлының бастамасымен мүмкіндігі шектеулі ерекше балаларға азық-түлікпен сый  жасалды. Ақтөбе қаласы "Ерекше жандар" қоғамдық бірлестігі мекемесіне арнайы барған бас имам балалардың жағдайы мен көңіл-күйлерін біліп, олардың ата-аналарымен сұхбаттасты. Сондай-ақ, Алла тағала тағдырға жазған сынаққа сабыр етулің маңыздылығы мен сауабы туралы түсіндіріп өтті.

Ерекше жаратылыспен дүниеге келген балаларға риясыз ниетпен көңіл білдіріп, қамқорлық жасаған мешіт ұжымына мекеме басшылығы алғыс білдіріп, рахметтерін айтты.