Жат ағымдардың алдын алу – рухани қауіпсіздік кепілі 4944

Жат ағымдардың алдын алу – рухани қауіпсіздік кепілі

21 қазан 2025 75 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық “Нұр” мешітінің наиб имамы, теолог маман Алдияр Алуадинов аудандық әкімдіктің мәжіліс залында пробация қызметінің өкілдерімен “Жат ағымдардың алдын алу” тақырыбында кездесу өткізді.

Іс-шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының “Жат діни ағымдардан сақтандыру” бағытындағы жоспарлы жұмысы аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында наиб имам қатысушыларға дәстүрлі ислам мен теріс діни ағымдардың айырмашылығын түсіндіріп, жат идеологиялардың қоғам мен отбасыға тигізетін кері әсері жайында айтты. Сондай-ақ радикалды көзқарастардың таралуына жол бермеу, діни сауаттылықты арттыру және ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелеріне тоқталды.

Жиын соңында Алдияр Алуадинов пробация өкілдерінің сауалдарына жауап беріп, діннің шынайы мәні – адамгершілік пен мейірімге негізделгенін атап өтті. Кездесу қатысушылары өз пікірлерін ортаға салып, рухани қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.