Шалқар: «Игі ана – ізгі қоғам негізі» атты шара өтті
Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешіті және «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің ұйымдастыруымен «Игі ана – ізгі қоғам негізі» тақырыбында іс-шара өтті.
Шара барысында «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай «Мұсылман әйелдің сипаттары» және «Ұрпақ тәрбиесіндегі ананың үлгі-өнеге жолы» тақырыбында насихат айтты.
Одан өзге «Асыл аналар» кітабы аясында жарыс өтіп, І орынды Айдана Нұрманова, ІІ орынды Жалғас Бақыт, ІІІ орынды Әділова Аида және Орақова Шамшырақ иеленді.
Қатысушылар алғыс хат және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram