Шалқар: «Ислам және ізгі қоғам» бағыты аясында кездесу ұйымдастырылды 2856

Шалқар: «Ислам және ізгі қоғам» бағыты аясында кездесу ұйымдастырылды

31 шілде 2023 403 Оқу 1 минут

«Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі» КММ-де «Ислам және ізгі қоғам» бағыты аясында басқосу өтті.

Шараға ұйытқы болған ауданның бас имамы Абзал Медетбеков жиналған қауымға «Әр алыптың артында ана тұр» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Келелі кездесуге арнайы музей қызметкерлері, Шалқар аудандық «Жасөспірімдер» және «Балалар» кітапханалыранан Р.Бегетаева мен М.Убайтжанова, зиялы қауым өкілдері т.б қатысты.

Сонымен қатар ауданның бас имамы ізгі қоғамды қалыптастыруда ананың рөлі, атаның баланың алдындағы әуелгі міндеті жақсы ана таңдау, бала тәрбиесі, дінге беріктік, салиқалы жар тақырыптарын қозғады.

Одан өзге мекеме қызметкерлерінің сұрақтарына да тұщымды жауап берді.

Шара қортындысында бас имам білімді ұрпақ – ұлт болашағы екенін айтып, ізгі қоғам жастардың тізгінімен дамитынын һәм сол қоғам салиқалы аналардың үлгілі тәрбиесімен сәнді болатыны жайында сөзін түйіндеп бата жасап, дұға оқылды.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі