«Ең үздік әлеуметтік ролик» байқауының жеңімпазы анықталды 2866

«Ең үздік әлеуметтік ролик» байқауының жеңімпазы анықталды

25 тамыз 2023 148 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен «Ізгі қоғам» бағыты аясында «Ең үздік әлеуметтік ролик» байқауы өтті. 

Оқырмандармен шығармашылық байланыс орнату, зияткерлік қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған бұл шарада «Ізгілік – асыл дінімізде ауқымы кең ұғым. Адам мен қоғамның игілігі үшін жасалған әрбір жақсылық – ізгілік деп бағаланады»,-деп Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі

Жарыс қорытындысы бойынша I орынды Сайлаубаева Айгерім (20 000 тг сертификат), II орынды Орақова Шамшырақ (15 000 тг сертификат), III орынды Мажиева Айым (10 000 тг сертификат) иеленсе, Қуатжанов Ердос, Князбаева Айдана және Мажиева Айша ынталандыру сыйлығы мен алғыс хатпен марапатталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі