Хромтау: «Имани жаз –2023» жазғы сауат ашу курсы қортындыланды 2846

Хромтау: «Имани жаз –2023» жазғы сауат ашу курсы қортындыланды

20 шілде 2023 526 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде «Имани жаз – 2023» ер және қыз балаларға арналған сауат ашу курсы негізінде өтіп жатқан жазғы лагер аяқталды. 

Ауданның бас имамы Ерік Қонақбайұлының ұйытқы болуымен өтіп жатқан жазғы лагерде шәкірттерге Құран әліппесі үйретіліп, Құран сүрелері жаттатылды. Сонымен қатар жазғы сауат ашу курсы барысында әр түрлі дұғалар, хадистер, Алланың көркем есімдері, иман шарттары, исламның шарттары туралы мол мағлұмат алды.

Салтанатты шара қортындысында ауданның Бас имамы үздік болған шәкірттерге сыйлық табыстап, алғыс хатпен марапаттады.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі