«Ойлы болсаң, озып көр. Білімді болсаң, бақ сына!» атты білім сайысы өтті 2882

«Ойлы болсаң, озып көр. Білімді болсаң, бақ сына!» атты білім сайысы өтті

25 тамыз 2023 298 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласысындағы «Бақытжан» мешіті жанындағы әйелдер сауат ашу курсының «Әліппе» тобының шәкірттері арасында «Ойлы болсаң, озып көр! Білімді болсаң, бақ сына!» атты білім сайысы ұйымдастырылды.

Бұл сайысқа қатысқан шәкірттер ақида, фиқһ, сира, Құран ілімі дәрістерінен алған ілімдерін шыңдау мақсатында өзара топ болып додаға түсті.

Ұяшықтар арқылы сұрақтарға жауап беру, жылдамдыққа қарай минутына сөздер оқып жарысу, қимылдар арқылы жасырынған жұмбақтар шешу, сұрақ-жауаптар, қызықты тапсырмаларды орындап, өз сезімдері мен пікірлерін ортаға салды. Бірнеше сайыстардан тұрған бұл сайыс өте тартысты әрі қызықты өтті.

Шәкірттер «Әліппе» кезеңін аяқтап, «Тәжуид» деңгейіне өтті. Аталған мешіттің ұстазы Анар Қойшығұлова озат, белсенді шәкірттерге сыйлықтар табыстады.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі