Әйтеке би ауданы: Жамағат табиғат аясында басқосты
Әйтеке би ауданының Бас имамы Ғабидолла Тілесұлының ұйымдастыруымен «Бірлігі жарасқан жамағат» жобасы бойынша табиғат аясында аудан жамағаты басқосты.
Шараның басты мақсаты – жамағат арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақты арттырып, әрі дінге, қоғамға қызмет етіп жүрген азаматтардың басын қосып, одан әрі бірлесе жұмыстар атқаруға деген ниетті арттыру.
Игі шара барысында ауданның Бас имамы бірлік, ынтымақ тақырыбында насихат айтты.
Одан өзге жамағат арасында спорттық шаралар өтіп, белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі