«Бақытжан» мешіті: Әйел жамағатына әлеуметтік желінің  әдебі мен әлегі түсіндірілді 2885

«Бақытжан» мешіті: Әйел жамағатына әлеуметтік желінің әдебі мен әлегі түсіндірілді

29 тамыз 2023 267 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінде әйел жамағатына арналған «Әлеуметтік желінің әдебі мен әлегі» атты семинар өтті.

Семинар барысында әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану, уақыттың қадірі, жат ағымнан сақтану, көзді күнәдан тыю, ұрпаққа жақсы үлгі бола алу, тіл кесапаттары мен кісі ақысы» жайлы сөз қозғалды.

Жиналған жамағат екі топқа бөлініп, әлеуметтік желінің пайдалы тұстары мен зардаптары туралы пікір білдіріп, сауалнама жүргізу арқылы семинардың маңыздылығы айтылды.

Шара қортындысында ұстаз Анар Қойшығұлова «Әйел түзелсе ер түзеледі, ер түзелсе ел түзеледі» деген мақалдың мәніне тоқталып, «бала құлақпен емес, көзбен тәрбиеленеді».- деп аналарда үлкен жауапкершіліктің, ұрпақ тәрбиесінің маңызын баяндады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі