Әйелдерге әлеуметтік желі әдебі насихатталды
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйелдер орталығында «Мұсылман әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі» атты семинар өтті.
Семинарға өңірлік Жанар Исмауловна, Айжан Берікқызы, Әсел Абдыгалиевна және Дамира Жанболатқызы сынды блогер қыз-келіншектер шақырылып Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Жұлдыз Бауыржанқызы әлеуметтік желінің шығу тарихы және оның пайдасы мен зиян тұстары туралы атап өтті. Одан өзге, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Диляром Бектаева мұсылман әйелінің желі пайдалануда шариғатқа сай сөйлеуі мен әдептерін: «Әйел адам көпшілік алдына шыққанда ұстануға тиісті шариғат талаптары бар екенін есте сақтау қажет. Әлеуметтік желілер де қоғамның бір бөлігі екенін ескерсек, ол жердегі әр іс-әрекет әдептен аспауы тиіс», - деп баса айтты.
Сондай-ақ әр блогер әлеуметтік желіні жүргізуде қолданатын әдіс-тәсілдерді түсіндіре отырып, семинар қатысушыларына пайдалы ақпараттар берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі