Әйел-қыздар арасында интелектуалды сайыс өтті 2857

Әйел-қыздар арасында интелектуалды сайыс өтті

31 шілде 2023 577 Оқу 1 минут

Шалқар ауданында «Ислам және ізгі қоғам» бағыты аясында әйел-қыздар арасында интелектуалды сайыс өтті.

Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал біздің қоғам — Қазақстан Республикасы. Сондықтан да қазақ өзінің ұлттығын жаһандану дәуірінде сақтап қалуы үшін ұлттық тәрбиеге ерекше мән беруі тиіс. Осы мақсатта «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің ұстазы Бақытнұр Нұрмағамбетова «Ұлттық тәрбиенің алтын қазығы – әйел адам» тақырыбында интелектуалды сайыс өткізді.

Шара барысында «Асыр» сүресінің түсіндірмесі айтылып, тәпсіршілердің көзқарастары баяндалды.

Одан кейін салт-дәстүр бойынша сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Келесі кезең "kahoot" бағдарламасы арқылы интелектуалды сұрақтармен өрбіді. Ал жеңімпаздарға І, ІІ, ІІІ орынмен қатар арнайы ынталандыру сыйлықтары берілді.

Аталған игі шара дастарқан басында уағыз-насихатпен жалғасын тапты. Қатысушылар ұйымдастыруға жалғасын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі