«Адамзаттың асылы» атты зияткерлік жарыс ұйымдастырылды 3769

«Адамзаттың асылы» атты зияткерлік жарыс ұйымдастырылды

02 қазан 2024 124 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі мен «Ихсан» орталығы Мәуліт айының құрметіне орай «Адамзаттың асылы» атты зияткерлік жарыс ұйымдастырды.

Аталған дода барысында қалалық мешіттердің әйел жамағаты білімдерін сынап жарысты.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір тарихына арналған білім бәйгесінде РАТТ мүшесі, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің құрметті профессоры және оқытушысы, исламтанушы ғалым Шамшат Әділбаева, Ақтөбе облысы бойынша «Әйел - қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Қошқарова және «Хазіреті Біләл» мешітінің ұстазы Айнұр Зарубаева жарысқа қазылық етті.

Бес кезеңнен тұратын бәйгеде топтар алғашында өздерін таныстырып, кейін жұмбақ суретте жасырылған сұрақты бірге шешіп және Пайғамбарымыз (с.а.с) өмірбаяны жайлы бейне сұрақтарға жауап берді.

Сайысқа қатысқан сегіз топтың ішінде оқ бойы оза шапқан «Ізгілер» тобы («Бақытжан» мешіті) – 1 орын, «Ридуан» тобы («Нұр Ғасыр» мешіті) – 2 орын және «Әмин» тобы («Қайырқожа» мешіті)- 3 орынға ие болып, қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі