«Қабақ баба» мешіті қарттарды құттықтады
Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлының бастамасымен мешіт ұжымы 1 қазан – қарттар күніне орай жамағат қарияларды зиярат етті.
Мешіт ұжымы қарттардың үйіне арнайы барып, сұхбаттасып, ақ батасын алды.
Мерекемен құттықтаған мешіт имамы: «Сіздердің әрбір сөздеріңіз жастарымызға өсиет. Өздеріңізден тәлім көрген жас буын ұлттық дүниетанымымызды бұзбай сақтайтынына сенім білдіреміз»,- деп, ыстық лебізін білдіріп, сый тарту жасады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі