Шалқар: Қарттарға құрмет көрсетті 3765

Шалқар: Қарттарға құрмет көрсетті

01 қазан 2024 147 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен 1 Қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай мешіттің жанашыр ақжаулықты қарттарына іс-шара өтті.

Шара барысында, Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков құттықтау сөз сөйледі.

«Құрметті қадірлі ақжаулықты асыл аналар! Сіздердің әрбіріңіздің жүріп өткен жолдарыңыз, еткен еңбектеріңіз – келер ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Өздеріңізден тәлім-тәрбие алған жас ұрпақ сіздер бастаған игілікті істерді жалғастыруда. Сіздердей халқымыздың арасында әңгімесі пәтуалы асыл жандардың барында еліміздің ішінде алауыздықтың орын алмайтыны, жастарымыз жөнсіз кетпейтіні белгілі. Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін! Әрдайым қоғамда да, ел ішінде де сарқылмас даналық қасиеттеріңізбен ерекшелене беріңіздер! Мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын!-деп, ауданның Бас имамы ізгі тілегін жеткізді.

Сонымен қатар Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай ақжаулықты әжелеремізді мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.

Мерекелі іс-шарада қарттарымызға алғыс хаттар мен сыйлықтар тарту етілді. Күтпеген жерден құттықтауға ие болған қазыналы қарттарымыз алғыстарын жаудырды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі