«Баталы елге бақ қонар» атты бата жарысы өтті 3770

«Баталы елге бақ қонар» атты бата жарысы өтті

02 қазан 2024 221 Оқу 1 минут

Шалқар ауданы, Бегімбет ауылы «Бегімбет» мешітінің ұйымдастыруымен қарттар күніне орай «Баталы елге бақ қонар» атты бата беру сайысы өтті. 

Игі шарада «Бегімбет» мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезов ақсақалдар мен ақжаулықты әжелерді мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебізін жеткізді.

Сайысқа Бегімбет ауылының ақсақалдары мен әжелері өздері жатқа білетін баталарын айтып бақсынасты. Ал шешуші, ақтық кезеңде қарттарымыз бата беріп, өнегелі сөздермен ойын жеткізді.

Нәтижесінде 1 орын (10 000 теңге), 2 орын (8000 теңге), 3 орын (5000 теңге) иегерлеріне анықталып, сертификаттар мен сыйлықтар табыс етілді.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі