Хромтау: Ақсақалдарды мерекемен құттықтады 3766

Хромтау: Ақсақалдарды мерекемен құттықтады

01 қазан 2024 148 Оқу 1 минут

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлының ұйымдастыруымен мешіт ақсақалдарына мерекелік шара өтті.

Атаулы күнге орай мешіт Арафат мейрамханасында ақсақалдарға арнайы дастархан жайылып, құлшылық ордасының қызмектерлеріне құрмет көрсетті.

Сонымен қатар мешіт бас имамы Ерік Қонақбайыұлы қарияларға арнайы сыйлықтар тарту етіп, құттықтау лебіздерін білдіріп, үлкендерді құрметтеудің асыл дініміздегі орны мен маңыздылығы жөнінде насихат айтты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі