Құран оқып үйренейік курсы жалғасуда 3767

Құран оқып үйренейік курсы жалғасуда

01 қазан 2024 198 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Құран оқып үйренейік курсы жалғасуда. 

Курс 2 лек бойынша яғни бастауыш және жалғастырушы топ негізінде оқытылады. Қазіргі таңда шәкірттер саны – 50. Шәкірттер Құран оқуға өте ынталы. Қатысушылардың жасында шектеу жоқ. Бастысы ілім үйренуге деген ниет пен жауапкершілік.

Айта кетсек, Құран дәрістерінен білікті ұстаздар дәріс береді.

Аталған курс облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінде жалғасын тапты.

Егерде дәріске жазылушы ниетте болсаңыз, мешітке келіп, ұстазға жолығып, курсқа тіркелесіз.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі