Шалқар: «Мөңке би» мешітіне имам тағайындалды 4193

Шалқар: «Мөңке би» мешітіне имам тағайындалды

18 ақпан 2025 216 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Шалқар ауданы, Мөңке би ауылдық «Мөңке би» мешітіне Әбіл Жаңабек имам болып тағайындалды.

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің азаншысы Қайрат Қаймолдин ауылдық мешітке жиналған жамағатқа жаңа имамды таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Ақсақалдар өз батасын беріп, жергілікті тұрғындардың рухани ілімін жетілдіру жолында аянбай еңбек ететініне сенім білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі