Ақтөбе: Қаланың Бас имамы өңірлік арнаға сұхбат берді
РАНТ мүшесі, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы өңірлік арнаға сұхбат берді.
«Aqtobe» арнасындағы “Дін мен дәстүр” бағдарламасында қонақ болған бас имам келе жатқан Рамазан айының мән-маңызы мен қадір-қасиетін туралы сөз қозғап, ораза туралы біршама ақпараттар беріп өтті.
Сондай-ақ, жыл сайын көпшілік тарапынан қойылатын сауалдар легінің бірқатарына тоқтала өтіп, Қадір түнінің ерекшелігін айтып, ондағы атқарылатын құлшылық-ғибадаттар туралы түсіндірді. Әрі ораза бойы қала мешіттерінде жүргізілетін іс-шаралар жайлы да мәліметтер бере кетті.
Айта кетейік, Рамазан бойы барлық мешіттерде сауалдарға жауап беретін арнайы байланыс телефондары іске қосылмақ.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі