Облыстың Бас имамы «Қазақша подкаст» бағдарламасында бақытты отбасы құрудың қағидаларын ұсынды
Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев өңірдің басты арнасы «Ақтөбе» телеарнасындағы «Қазақша подкаст» бағдарламасында қонақ болды.
Бағдарлама барысында облыстың айнасы болған Бас имам ҚМДБ бекіткен «Ислам және отбасы құндылығы жылының» мән маңызын толық баяндап өтті.
Сонымен қатар Амантай Әбілдаұлы отбасы құндылығын қалыптастыру неден басталатындығына жіті тоқталды Жар таңдаудағы 4 талапты да атады. Отбасының негізгі тірегі ретінде ата-ананың рөлі қашанда зор екендігін айтты.
Одан өзге отбасы бақытсыздығына апаратын жолдардан сақтануға шақырып, бақытты отбасы құрудың қағидаларын ұсынды.
Аталған бағдарламада бас имамды жаңа қырынан көретін боламыз. Өмірлік жолдағы кеңестері арқылы көрерменге ой салады. Өз отбасы, ата-анасы, бауырлары туралы да қамтылды. «Сіз үшін өмірдің мәні неде? Өмірде жасаған таңдауыңызға өкінген кезіңіз болды ма? Ал қайсысына қатты қуанасыз?» сынды сауалдарға да тұщымды жауап беріп, көрерменге өмір баспалдағында қадамдарды еркін басуға нұсқаулықтар берілді.
Айта кетсек, бағдарлама эфирден осы сенбі күні көрсетіледі. Телеарнаның және «Нұр Ғасыр» мешітінің ютюб арнасынан көре аласыздар.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі