Ойыл: Ауданның бас имамы «Намаз оқып үйренейік» дәрісін өтті
Ойыл аудандық мешітінің бас имамы Қызыр Бақжарық «Намаз оқып үйренейік» дәрісін өтті.
Алла Тағаланың сансыз нығыметтерін еске алып, Оған құлшылық жасау. Құлшылықтың ең негізгі өзегі, діннің діңгегі, иманның нұры - намаз. Өйткені, пенде намаз арқылы Раббысына құзырына шығады.Онымен тілдеседі.Құран Кәрімде: «Сәждеге жығыл да жақында!» деп бұйырған.
ҚМДБ тарапынан арнайы сараптамадан өткен, сондай-ақ дәстүрлі жолымыз имам Әбу Ханифа (р.а.) мәзһабына негізделген кітап арқылы сабақ жүргізілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі