РАНТ мүшесі Мұғалжарда насихат жұмыстарын жүргізді
РАНТ мүшесі, Жамбыл облыстық орталық «һибатулла-Тарази» мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы арнайы сапармен Мұғалжар ауданына келді.
Іс сапар барысында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар РАНТ мүшесі Қандыағаш қалалық «Қадірәлі ата» мешітінде «Діни білім алудың маңыздылығы» туралы насихат айтты.
Одан өзге Ембі қалалық «Нұр» мешітінде ауызбіршілік туралы, «Жаңажол» вахталық мешітінде жат діни ағымдардың сипатына тоқталып, тақырып аясын талдап өтті.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі