«Жастар ісі» секторының мүшелері мешіт ауласын қардан тазалады 4199

«Жастар ісі» секторының мүшелері мешіт ауласын қардан тазалады

19 ақпан 2025 177 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі Жасар ісі секторының ұйымдастыруымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ауласы қардан тазаланды.

«Тазалық — иманның жартысы» қағидасын өмірлік ұстанымға айналдырған жастар әпсәтте жан-жақтан мешітке кіретін жол ашып, баспалдақтардың да қарын тазалап, қала көркі руханият ордасы бас мешіт «Нұр Ғасырдың» сәнін ажарландырды.

Сауабы мол іске 60 қа жуық белсенді жастар қатысты.

Тазалық жұмыстарын жасауға келген қаламыздын жастарына жұмыстардан кейін мешіт асханасында ыстық шай мен тәттілер беріліп, бірге басқосу өтті. «Ақтөбе жастар ісі секторынын» өкілі Аслан Дәуірханұлы насихат айтып, игі шараға атсалысушыларға алғысын білдірді.

Айта кетсек, ізгілік жаршыларына арналған шаралар жыл бойы түрлі форматта жалғасын табады.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі