«Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының жұмыстарын таныстыруға арналған семинар өтті
ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бекіткен жылдық жоспарына сай Қобда ауданы, Талдысай ауылдық мешітінде «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының өңірдегі директоры, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наб имамы Мәжид Әбішов аудан имам- ұстаздарына жаназа, жерлеу рәсімдері туралы оқу-семинарын өтті.
Семинар барысынды Әбішов Мәжит «Qamqor-Sharapat» қызметін толық түсіндірді.
Ауданның бас имамы Шымболатов Абай жаназа рәсімдері мен салт- дәстүр сабақтастығын, Молдағалиев Марат ұстаз жаназа үкімдерін, Талдысай ауылдық мешіт имамы Отарбаев Данияр кебін пішу, оң жаққа қою мәселелері туралы айтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі