18 Зул-Қағда
РАТТ мүшесі насихат айтты 4500

РАТТ мүшесі насихат айтты

11 мамыр 2025 291 Оқу 1 минут

РАТТ мүшесі, діни сарапшы, «Бақытжан» мешітінің ұстазы, ҚМДБ-ның төл телеарнасы «Мұнара» арнасының тілшісі, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз хатшысы Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйелдер орталығында насихат айтты. 

Ұстаз Ақтолқын Орысбасқызы «Жүрек дерті және одан арылу жолдары» тақырыбын жамағатқа жіті талдап, түсіндірді.

«Қасиетті Құран Кәрімде жүрек жайлы 132 жерде айтылады. Бұл біздерге жүректің маңыздылығын аңғартады. Сол үшін Жаратқан Алла Тағала адам баласының иманды яки имансыз болуының, таза яки күнәһар болуының басты себебін адам баласының жүрегіне байланысты екендігіне назар аудартады.

Алла Тағала қасиетті Құранның «Мәида» сүресінің 13-аятында «Міне, (содан кейін) оларды уәделерін бұзғаны үшін рақымымыздан алыстатып, лағнеттедік әрі тас жүректі қылдық», – деген. Ендеше, мұнан түйейтініміз, шынында, жүрек қарайғанда құлшылық жасау қиын болып қалады, күнә істеу оңай болады» деп жүрек дерті алты нәрседен пайда болатындығын айтты РАНТ мүшесі.

Ал сенбілік уағызда қалалық орталық мешіттің ұстазы Гүлжайнар Мұсақызы «Дүниеқоңыздық — пендені адастыратын қасиет» тақырыбында дүниені жүрекпен сүюдің зардаптары, ақыретте әкелетін қиындықтары мен күнәға итермелейтін жағдайлары туралы баяндады.

Одан өзге қос ұстазбен мен шәкірттер арасында дінімізде байлық жинауға, оған ұмтылуға қатысты мәселелер төңірегінде кеңірек талқыланды.

Насихат басқосуының қортындысында РАТТ  мүшесі жамағат тарапынан қойылған сауалдарға тұщымды жауап берді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі