Әйел жамағаты Аналар күнін атап өтті
Көктемнің құлпырған жайма шуақ күндері “Бақытжан” мешітінің әйел жамағаты ақ жаулықты әжелер мен ұстаздары Анар Қойшығұлованы ортаға алып, Сазды өзенінің маңына табиғат аясына шықты.
Табиғат аясында әжелер өнегелі оқиғалары мен ақ батасын беріп, ал жастар жағы болса ойнап-күліп, сырласты.
Мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова “Жамағаттың бірлігі мен әйел адамның білім алуының маңызы” тақырыбында насихат айтты. Сондай-ақ ұстаз жамағаттың мешіт жанындағы діни сауат ашу курстарынан алып жатқан білімдерін шыңдау мақсатында түрлі танымдық ойын форматында сұрақ-жауаптар жүргізді.
Сонымен бірге мешіт жастары “Ақ серек, көк серек”, “Тышқан мен мысық” т.б спорттық ойындар ойнап, сыйлықтарға ие болды.
Ағаштар мен жасыл желегі жайқалған кең далада серуендеп, өзен жағасында әсем табиғатқа көз тігіп, шүкіршіліктер мен зікірлер айтылып, тафаккур жасалды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram