5 Сафар
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған семинар өтті 4495

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған семинар өтті

10 мамыр 2025 264 Оқу 1 минут

ҚМДБ бекіткен «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Қобда ауданы, Әлия ауылында Ақтөбе, Хромтау, Ембі қалаларыжәне Қобда ауданы Шәріп молда мешітінің әйел жамағатының қатысуымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған семинар өтті.

«Әлия» мешітінде Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова қатысушыларға ұлы Отан соғысындағы ата-бабаларымыздың ерлігі мен жанқиярлық еңбегі туралы баяндады және батырлар рухына соның ішінде Әлия Молдағұлованың рухына Құран бағыштап, құран хатым оқылып, бейбіт өмірдің қадірін бағалауға шақырды.

Семинарда «Шәріп молда» мешітінің ұстазы Баян Мергенғалиқызы "Отанды сүю – иманнан" тақырыбында рухани және отбасылық құндылықтардың, аналар мен әйелдердің қоғамдағы орны мен тәрбиелік рөлінің маңыздылығы туралы айтты.

Сонымен қатар әйелдер арасында спорттық ойындар мен арқан тарту сынды көңілді жарыстар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күйде уақыт өткізді.

Шара қортындысында жамағат мұндай кездесулер қоғамдағы бірлік пен рухани тәрбие берудің маңызды тетігі деп пікірлерін білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі