Хромтау: Әйел-қыздар арасында садақ атудан жарыс өтті
Хромтау аудандық “Нұр” мешітінің ұйымдастыруымен Аналар күніне орай әйел-қыздар арасында садақ атудан жарыс өтті.
Сайысқа садақ ату бойынша кәсіби мергенші қатысып, ол дода жшртында барлық әрекеттердің дұрыс орындалуын қадағалап, қатысушыларға кеңестер мен ұсыныстар беру арқылы көмектесті.
Жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтар мен дипломдарға ие болды. Сондай-ақ Дін мен дәстүр бағытындағы “садақ ату” іс-шарасы белсенді әйел қыздардың бәсекеге түсіп қана қоймай, бір-біріне қолдау көрсетіп, жаңа тәжірибе үйреніп, дами алатындығының жарқын мысалы болды. Мұндай бастамалар әйел жамағаттарының өмірінде маңызды рөл атқарады, олардың дамуына, жамағат арасындағы байланыстарды нығайтуға және қарым-қатынас пен ынтымақтастық үшін жағымды атмосфера құруға ықпал етеді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram