2 Сафар
Кәсіпкер жаяужолды уақып етті 4494

Кәсіпкер жаяужолды уақып етті

10 мамыр 2025 325 Оқу 1 минут

Ислам дінінің көздеген мақсаты – мүлтіксіз қоғам құру. Осы тұрғыда қоғамымызда дін жанашырлары үлес қосып келеді. Соның бірі – Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Ардақ Садақбайұлы облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіне жаяужолды уақып етті.

Аталған жаяужол 3 200 000 теңгеге жасалды. Мешітке келуші жамағаттың жолда кедергісіз келуіне ерекше мүмкіндік сыйлады.

Айта кетсек, жалпы шариғатымыз жақсылық жасауға бұйыра отырып, адам баласын екі дүниеде де бақытты болуға жол сілтейді. Соның бірі – уақып. Адамның өзінің меншігіндегі мүлікті елдің игілігіне пайдалануға беруін уақып деп атайды. Тура мағынасы – «ұстау», шариғаттағы мәні – өзіне тиесілі бір мүлікті Алла разылығы үшін халықтың игілігіне жарату арқылы мол жақсылыққа, сарқылмас сауапқа кенелу.

«Әли-Имран» сүресінің 92-аятында: «Жақсы көрген нәрселеріңді (дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім, т.б.) Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар» дегенге амал еткен дін жанашыры Ардақ Өтегеновке Алла Тағала кәсібінің берекесін арттырсын!

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі