Ойылда «Дархан дала» жобасы аясында рухани сапар ұйымдастырылды
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған «Дархан дала» жобасы аясында Темір ауданынан "Досжан ишан" мешіті, Қобда ауданынан "Шәріп молда" мешіті, Атырау облысынан Миалы ауданы "Бәйтерек" мешіттерінің бас имамдары және жамағаты, Ойыл ауданында орналасқан тарихи мешітке, керуен сарай тарихи-архитектуралық кешен мешіт, сауда орын жәрменкесі комитеті XIX ғ. Бай көпес красавинің үйі, тарихи ғимараттарға зиярат етті.
Ойыл ауданының бас имамы Бақжарық Қызырұлының ұйытқы болуымен рухани сапарға 3 аудан бас имамдары және мешіт жамағаты келді.
Келген қонақтарға мешіттің салыну тарихы, керуен сарай, көкжар жәрменкесі туралы ақпарат берілді .
Айта кетейік, «Дархан Дала» отандық туризм бағытымен осы аталған жерлерге зиярат жасалды. Бұл жобаның басты мақсаты – мешіт жамағаты арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, тарихи, киелі орындарға рухани тур ұйымдастыру болды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram