«Анашым» мешітіне бас имам тағайындалды 4177

«Анашым» мешітіне бас имам тағайындалды

15 ақпан 2025 382 Оқу 1 минут

Күндердің сұлтаны — жұма күні жаңадан ашылған «Анашым» мешітіне ҚМДБ төрағасының бұйрығымен бас имам болып Мәди Орынбай тағайындалды. 

Жаңадан тағайындалған имамды жұма намазға жиналған жамағатқа РАНТ мүшесі, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров таныстырып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тағайындау бойынша бұйрығын оқып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Мәди Орынбайұлы — білімі өте жоғары, білікті маман. Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті, «Шет тілдер және іскерлік карьера» университетінің түлегі.

Еңбек жолы

2004-2006 жылдары Ақтөбе қаласында «Нұрдәулет» мешітінде ұстаз;

2006-2011 жж Байғанин аудандық мешітінде имам:

2011-2014 жж Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінде имам;

2014-2015 жж Ақтөбе қаласындағы «Сүлеймен ата» мешітінде бас имам;

2015-2016 жж «Ақтөбе» медресе-колледжінде ұстаз;

2016-2017 жж «Дін істері басқармасы» ММ, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы,

2018-2019 жж Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы;

2019-2020 жж Ақтөбе қаласы, «Әс-салам» мешітінің бас имамы;

2020-2024 жж Ақтөбе қаласы, «Әс-салам» мешітінің наиб имамы;

2024 жылдың шілде айынан бастап 2025 жылдың 14 ақпанына дейің Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы қызметін атқарып келді.

Айта кетсек, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің жылдық жоспары негізінде 14 ақпан — Халықаралық кітап сыйлау күніне орай қасиетті жұма күні Ақтөбе қаласындағы Алматы ауданында «Рухани танымдық орталық» атты кеңістігі бар, онда ҚМДБ «MUFTIYAT» баспасының кітаптары мен төл басылымдары және тарих пен алаш зиялыларының еңбектері яғни 2 мыңнан астам көркем әдебиеттермен толықтырылған «Анашым» және «Ар-Рахим» атты 2 мешіт салтанатты түрде ашылып, қала тұрғындарына пайдалануға берілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі