«Ар-рахим» мешітіне бас имам тағайындалды 4180

«Ар-рахим» мешітіне бас имам тағайындалды

15 ақпан 2025 205 Оқу 1 минут

Күндердің сұлтаны — жұма күні жаңадан ашылған «Ар-рахим» мешітіне ҚМДБ төрағасының бұйрығымен бас имам болып Елмұрат Мырзабаев тағайындалды. 

Жаңадан тағайындалған имамды жұма намазға жиналған жамағатқа Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев таныстырып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тағайындау бойынша бұйрығын оқып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Елмұрат Өтешұлы — әл-Азһар институтының түлегі.

Еңбек жолы

2018-2021 жылдары «Ақтөбе» медресе-колледжінің ұстазы;

2021-2023 жж Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы;

2023-2025 жж Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы «Әлихан Бөкейхан» мешітінің ұстазы қызметін атқарды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі