Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасында қонақ болды
Бүгін РАНТ мүшесі, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров Ақтөбе облысына келген жұмыс сапары барысында «Munara» телеарнасының Ақтөбедегі студиясында қонақ болып, «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді.
РАНТ мүшесі бағдарлама барысында «Уағыз-насихат айтудың әдебі мен мәдениеті» тақырыбында журналист, РАТТ мүшесі, дін маманы Ақтолқын Тажикованың қойған әр сауалдарына жіті тоқталып, талдап берді.
Сонымен қатар уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі былтыр елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен І республикалық уағызшылар форумы туралы айтып, «Уағыз-насихат айтудың әдебі мен мәдениеті» тұғырнамасын көрерменге таныстырды.
Уағыз дегеніміз не? Уағызды кімдер айтады? Кімге уағыз айтуға рұқсат етілген? Уағыз бен уағызшының сипаты, РАНТ пен РАТТ туралы сұхбат жуырда эфирден көрсетіледі.
ҚМДБ-ның төл телеарнасы «Мұнара» арнасынан @munara_tv_official Отаудан 20 арна, ID тв 23 арна, ЦЭТВ 22 арнадан көре аласыздар. Ютубтан көру үшін сілтеме: https://youtube.com/@munaratv
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі