«Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» атты семинар өтті 4171

«Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» атты семинар өтті

14 ақпан 2025 212 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің бастамасымен Ақтөбе имамдары мен ұстаздарына арналған ҚМДБ бекіткен 4 бағыттың бірі — «Ихсан және насихат» аясында «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» атты семинар ұйымдастырылып, оған арнайы елордадан РАНТ мүшесі, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров келіп, спикер ретінде семинарды жүргізді.

Аталған семинарға дін мамандары мен ҚМДБ-ға қарасты «Халал даму» стандарттау және сертификаттау орталығының директоры Айбек Аташев қатысты.

Семинар барысында облыстың Бас имамы семинардың маңыздылығын айтып, РАНТ мүшесіне дін мамандарының біліктілігін арттыруға арналған семинарға спикер ретінде келгендігіне алғысын білдірді.

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі былтыр Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен І республикалық уағызшылар форумында қабылданған «Уағыз-насихат айтудың әдебі мен мәдениеті» тұғырнамасы аясында тақырыпты түсіндірді.

Сонымен қатар Батыржан Берденұлы уағыз-насихат айтудың 5 маңыздылығын, уағыз-насихаттың 6 түрін, пайдаланылатын 6 негізгі дереккөзді, уағыз-насихаттың 4 құрылымын, уағыз-насихат айтушының 5 сипатын, 4 әдіс-тәсілдерін, уағыз-насихатының 9 сипатын толыққанды талдап, баяндап өтті.

Одан өзге спикер мен бас имам семинар туралы өңірдегі БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Семинар қортындысында қатысушыларға сертификат табысталды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі