«Халал — шариғат талабы» атты семинар ұйымдастырылды 4172

«Халал — шариғат талабы» атты семинар ұйымдастырылды

14 ақпан 2025 238 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің бастамасымен Ақтөбе имамдары мен ұстаздарына арналған ҚМДБ бекіткен 4 бағыттың бірі — «Діни оқу-ағарту» аясында «Халал — шариғат талабы» атты семинар ұйымдастырылып, оған арнайы елордадан ҚМДБ-ға қарасты «Халал даму» стандарттау және сертификаттау орталығының директоры Айбек Аташев келіп, спикер ретінде семинарды жүргізді.

Аталған семинарға РАНТ мүшесі, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров, имамдар мен ұстаздар қатысты.
Оқу-семинарын облыстың Бас имамы ашып, семинардың маңыздылығын айтты. Имамдардың біліктілігін арттыруға арналған семинарға спикер ретінде келген Айбек Аташевке алғысын білдірді.

Семинар барысында Халал Дамудың директоры қатысушыларға халал индустриясының негіздері, шариғи талаптары және «Халал Даму» қызметі, оның атқаратын міндеттері туралы жан-жақты мәлімет берді.

Сонымен қатар Айбек Асқарбекұлы имамдар мен ұстаздарға халал өнімдерін сертификаттау, кәсіпкерлермен жұмыс істеу және тұтынушыларға дұрыс ақпарат жеткізу мәселелеріне ерекше тоқталды.

Одан өзге жергілікті имамдар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.

Айта кетсек, спикер қатысушыларға халал стандарттарының маңыздылығы, оларды сақтау жолдары және халал өнімдерге деген сұраныстың артуы туралы кеңінен түсіндірді.

Бүгінгі таңда Ақтөбе өңірінде ҚМДБ халал сертификатын алған 50-ге жуық кәсіпорын бар.

Семинар қортындысында қатысушыларға сертификат табысталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі