Ақтөбеде Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Құран Хатым дұғасы жасалды 1184

Ақтөбеде Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Құран Хатым дұғасы жасалды

11 қаңтар 2022 140 Оқу 1 минут

 Жалпыұлттық аза тұту күніне орай ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінде Құран Хатым дұғасы жасалды. 

Еліміздің бірнеше аймағында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар саны көп болуына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялауға шешім қабылдады.

Осыған орай, бүгін Ақтөбе уақытымен 14:00-де Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тікелей бастамасымен ҚМДБ Ақтөбе облысының өкілдігіне қарасты мешіттерде қаза болғандардың рухына Құран бағышталып, Құран Хатым дұғасы жасалды.

Еліміздің басына түскен ауыр сынақ, барша қазақ елінің қабырғасын қайыстырды.

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы қасиетті Құран аяттарынан болған сауапты марқұмдардың рухына бағыштап, зардап шеккен отандастарымызға сабыр мен шыдам, жеңілдік сұрап бата қайырды.

Одан өзге облыстың Бас имамы «Aqtobe» телеарнасына Жалпыұлттық аза тұту күніне орай сұхбат беріп, қазақ еліне ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдік атынан көңіл айтты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі