Бас мүфти елдегі ахуалға байланысты сұхбат берді 1211

Бас мүфти елдегі ахуалға байланысты сұхбат берді

15 қаңтар 2022 145 Оқу 0 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елдегі ахуалға байланысты «Қазақстан» ұлттық телеарнасына сұхбат берді.

«Бүгінде діни жалаң ұрандарды жамылған кейбір шетелдік ұйымдар өздерінің теріс пиғылды пікірлерін мақсатты түрде таратуда. Олар мұсылман қауымының діни сенімі мен бірлігіне сызат түсіруге тырысуда. Осы орайда, мен еліміздегі барша исі мұсылман жамағатын шетелдік діни ұйымдардың жалған діни ұрандарына сеніп, арандап қалмауға шақырамын. Бұл ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуалары мен үндеулерін, сонымен қатар ресми мәлімдемелерін басшылыққа алуды сұраймын» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сұхбат барысында Бас мүфти шеруге шығудың шариғат рұқсат еткен әдептеріне тоқталып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысын баяндады. Сонымен қатар, жамағатты жұқпалы дерттің таралуына байланысты құлшылықты үйде орындауға үндеді.