Әзербайжан мұсылмандары қазақ халқына көңіл айтты 1204

Әзербайжан мұсылмандары қазақ халқына көңіл айтты

13 қаңтар 2022 103 Оқу 1 минут

Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы, Шейх-уль Ислам Аллашүкір Паша-Заде ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлына жеделхат жолдап, еліміздегі ахуалға алаңдаушылық білдіретінін жеткізді.

«Қазақстан қалаларында өткен тәртіпсіздік салдарынан қазақ бауырларымыздың қаза тапқанын ауыр күйзеліспен қабылдадым. Әзербайжан мұсылмандары және Өз атымнан бауырлас қазақ халқына қайғыра көңіл айтамын. Қаза тапқан жандардың туыстары мен жақындарына да шынайы көңіл айтамын. Алла марқұмдардың жанын жәннаттан еткей. Жараланған адамдардың тезірек сауығуын Алладан тілеймін» делінген жеделхатта.