Облыстың Бас имамы Жалпыұлттық аза тұту күніне орай БАҚ өкілдеріне сұхбат берді
Жалпыұлттық аза тұту күніне орай ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінде Құран Хатым дұғасы жасалынғаннан кейін Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы «Aqtobe» телеарнасына Жалпыұлттық аза тұту күні туралы сұхбат беріп, қазақ еліне өкілдік атынан көңіл айтты.
«Бүгін елімізде туларымыз төмен түсірілді. Әрине, өте қайғылы жағдай. Қаншама азаматтарымыз қаза тапты. Бейкүнә адамдар оққа ұшып жатыр. Еліміздің басына түскен ауыр сынақ, барша қазақ елінің қабырғасын қайыстырды.
Қаза болған азаматтарға қолымыздан келетіні Құран бағыштап. дұға жасау. Бүгін арнайы Бас мүфтидің тапсырмасына сай Ақтөбе облысына қарасты барлық мешіттерде Құран Хатым оқылып, бағышталып жатыр.
Жалпыұлттық аза тұту күнінде еліміздегі жағдайдың тұрақталуын, жақсы жолмен шешілуін Алладан сұраймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Бұл келеңсіз жағдай, аза тұту күндері енді болмасын деп тілейміз.
Мемелекет басшысы бастаған барлық азаматтарға Алла Таға күш-қуат берсін!
Еліміз тарихымызда бүгінге дейін нәубет жылдарды бастан өткерді. Қазіргі жағдайды да аман-есен еңсереміз деген сеніміміз мол. Болашақта бізде дамыған мемелекеттердің қатарына қосыламыз деп сеніммен айта аламыз. Өйткені, сырттан келген ішкі жаулар да, басқасы да біздің Қазақстан мемелекетіміздің іргетасын құлата алмайды. Оған күшіде жетпейді. Ол үшін біздің халқымызға әрдайым ынтымақ, бірлік керек. Біз – кез келген қиындықты еңсереміз!», - деді Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі