Бас имам: Әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған ғаламдық мәселе  – діни экстремизм мен терроризм 1198

Бас имам: Әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған ғаламдық мәселе – діни экстремизм мен терроризм

12 қаңтар 2022 75 Оқу 1 минут

Бүгін «Aqtobe» телеарнасында тікелей эфирде өткен «Иман нұры» бағдарламасында Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы қонақ болып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу аясында сүбелі сұхбат берді.

Бағдарлама барысында Бас имам қазіргі уақытта діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелеріне ерекше тоқталып өтті. Әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған ғаламдық мәселе – діни экстремизм мен терроризм екендігін атады. 

Одан өзге тікелей эфирде Серікжан Еншібайұлы кеше өткен Мәжілістің жалпы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкімет террорлық әрекеттен кейін нені өзгертендігі туралы мәлімдемесіне байланысты қойылған сауалға жауап беріп, Президент тапсырмасына сәйкес алдағы уақытта діни экстремизмге қарсы кешенді шаралар іске асыралатындығын айтты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі