Ақтөбе: Қауіпсіздік қызметіндегі мамандарға қолдау білдірді 1210

Ақтөбе: Қауіпсіздік қызметіндегі мамандарға қолдау білдірді

15 қаңтар 2022 215 Оқу 1 минут

Бірліктің қадірі ел ішіне іріткі түсіп, қиын қыстау кезеңде білінері анық. Осы тұста ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі қауіпсіздік қызметіндегі мамандардарға қолдау білдіріп, 100 маманға ыстық тамақ апарды. 

Отанға жан-тәнімен қызмет ету — екі дүниеде де абыройлы ететіндігін ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Екі көз ақыретте тозаққа күймейді: біріншісі, күнәсына өкініш білдіріп, оңашада егіліп жылаған көз, екіншісі, Отанды қорғап, шекара күзеткен көз»,- деп насихат еткен.

Осындай ел басына күн туған сәтте халқымыздың тыныштығы үшін күннің суығы мен қалың аязына қарамастан бекеттерде тұрған әскерилерге Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұжымы мен жамағаты ыстық тағамдар апарып, қолдау көрсетті.

РАНТ мүшесі, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Нұрлыбек Күзенбаев: «Отанға қалтқысыз адал қызмет ету—имандылықтың белгісі. Қаламыздың тыныштығына асқан жауапкершілікпен жасап жатқан қызметтеріңізге Алла Тағала разы болсын,» -деп, сап түзеген сарбаздарға рухани қолдау білдіріп, алғысын айтты.

Алла Тағала Тәуелсіздігімізді баянды етіп, бірлігімізді мығым еткей! 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі