Мешіттерде су ысырабының алдын алу үшін насихат парақшалары ілінді 3209

Мешіттерде су ысырабының алдын алу үшін насихат парақшалары ілінді

14 ақпан 2024 1155 Оқу 1 минут

Қазір еліміз үшін су тапшылығы өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Бұл туралы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауында айрықша тоқталып өтті. Жергілікті әкімшілік қызметкерлері суды үнемдеу қажеттілігі жайлы дабыл қағуда. Бұл – су тапшылығы мәселесінің күрделі екенін көрсетеді. Дініміз суды ысырап етпеуге үндейді. Алайда мешітке келуші азаматтар мұны ескере бермейді.

Осыған орай, ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2024 жылға арналған бағдарлық баяндамасында осы мәселені мешіт мінберлері мен халық арасында көбірек насихаттауды бекітіп, арнайы тапсырма берген болатын.

Ақтөбе облысының қала, аудан және ауыл мешіттерінің дәрет алатын бөлмелеріне келіп-кетуші жамағатқа суды үнемдеп, ысыраптың алдын алу бойынша насихат парақшалары ілінді. Сондай-ақ мешіт имамдары ұлы нығметтің бірі болған судың сұрауы бар екенін, оны үнемдеу берекені келтіретін іс екенін насихаттады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі