Шалқар ауданында шаңғы тебуден жарыс өтті 3236

Шалқар ауданында шаңғы тебуден жарыс өтті

29 ақпан 2024 20 Оқу 1 минут

Салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың спортқа құштарлығын шыңдау, қысқы спорт түрлеріне деген жастардың қызығушылығын ояту мақсатында Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің наиб имамы Жамбыл Тлеубайдың ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында шаңғы жарысы өтті. Жарысқа аудан тұрғындары, мешіт жамағаттары белсенді қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша Абзал Смағұлов ең үздік ретінде танылып, І орын (15 000тг) иегері атанды. Ал, Қуаныш Жарылғасынов ІІ орынмен (10 000тг) , ІІІ орынмен Төлеген Сағынаев (5000тг) марапатталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі